В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ИэнШоу
ИэнШоу
21.04.2020 12:30 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. берілген сөздерге күшейтпелі үстеулерді тіркестіріп, «қос
жазба күнделігі» әдісі арқылы мағынасын ашыңдар.
!

Показать ответ
Ответ:
епклсзкищут
епклсзкищут
02.05.2023 17:09

Əлемде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Ғалымдар ғажайып жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Адам өмірін жеңілдететін роботтар осыған дәлел.   Бүгінде роботтар адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындай алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, сатушы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар, робот мұғалімдер немесе ақылды техникалар – осы заманғы ғылымының басты тенденциясы. Өткен жылы Қытайдың робот-журналисі Сяо Нань алғашқы мақаласын Southern Metropolis Daily газетіне жариялаған еді. 300 иероглифтан тұратын мақаланы жазуға робот бір секунтын ғана жұмсаған.  Роботты жасаушы Бейжің университеті командасының басшысы. Оның айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес, көлемді мақала жазуға да қабілетті. Оның ең басты ұтатын тұсы - мәліметтерді жылдам қорыта алады және мәтін теріп уақытын жоғалтпайды.  Алайда мамандардың айтуынша, әзірге робот нағыз журналистерді алмастыра алмайды. Себебі, ақылды машиналар көлемді мақалаларды, қысқаша шолуды жасай алғанымен, сұхбат құра, терең ой қорыта алмайды. Бірақ жақын болашақта олар журналистерді толығымен ауыстыруы да мүмкін. Робот-журналистер қазірдің өзінде батыстың көптеген ірі басылымдарында жұмыс істейді. Олар, әсіресе қаржы, спорт салаларында статистикалық деректердің үлкен көлемін жедел өңдеу үшін қажет. Кейбір жағдайларда, роботтар журналистерге материалды жинауға көмектеседі және қызықты деректерді қарастырады. Мысалы, Washington post бірнеше жыл бойы Heliograf атты жазу роботын қолданып келеді. Осы уақытқа дейін робот мыңдаған мақала жазған. Ал Associated Press робот-журналистердің 20% уақытын үнемдегенін, қателер саны да айтарлықтай азайып, материалдар көлемі 10 есеге артқанын жазған. Жалпы роботтарды пайдалану журналистикаға үлкен көмек. Алайда робот-журналист тез және көлемді жаза алғанымен терең әрі жүйелі талдау жасай алмайды, материалдардың сапасы төмендеуі бек мүмкін дейді мамандар. Бірақ, мақала роботпен жазылса, онда бұл туралы айтылуы керек. Бұл роботтың авторлық құқықтарын қорғау үшін емес. Керісінше, оқырман мақаланың адам жазбағанын білуі керек. Мамандардың жүргізген зерттеулері көрсеткендей, роботтың көмегімен жазылған мақаланың рейтингі әлдеқайда төмен. Техника екенін білген соң, оқырман роботқа адамға сенгендей сенбейді. Мүмкін, оқырман роботқа айналса ғана аудитория робот-журналистерге сенетін шығар деген ой келеді.

Дереккөз::https://qazradio.fm/kz/news/13610/

Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ви2006ка
Ви2006ка
08.03.2023 16:32

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота