Берілген сөздердің синонимдерін, антонимдерін жазу.
Жағдайы жақсарады- өмірі оңалады / түзеледі, жақсы өмір сүреді, жағдайы түзеледі (синоним); ауыртпалық / қиындық туады (антоним).
Қуанышқа кенеледі - мәз болады, күлімсірейді, бақытты болады, қуанады (синоним); қамығады, күйінеді, назаланады, қайғырады, мұңданады (антоним).
Мұқтаждық- зәрулік, керек ету (синоним); жару, жетісу (антоним).
Дәрежесі жоғарылайды - тасы өрге домалайды, еңбегі жемісті болады, жақсы жұмыс істейді, дәрежесі көтеріледі, жұлдызы жанады (синоним); дәрежесі төмендейді, абыройынан айырылады, жұмысы нашарлайды (антоним).
Жер шарындағы әр елдің, әрбір жер түпкіріндегі халықтың өз туған тілдері, ана тілдері болады. Соған көзімізді жеткізе отырып, жер шарындағы тілдердің аз еместігін түсіну қиынға соқтырмайды. Әр халықтың өзіне ғана тән, өзге елдің тілдеріне мүлдем ұқсамайтын, өзіне ғана тәнерекшеліктерге толы, орасан зор байлыққа ие тілдері бар. кез келген тілдердің өзіндік бір ерешеліктері мен қасиеттері бар. Тіл кез-келген адам өмірінде, адамның бір-бірімен қарым-қатынасында үлкен рөл, елеулі орын алады. Адам тілге мұқтаж. Тілдің біздің өмірімізде үлкен орын алатыны тегін емес. Тек тіл арқылы адам бір-бірімен қарым-қатынас жасап, адамның қалпын, дәстүрін, әдет-ғұрпын ғана емес, сонымен қатар біраз уақыт араласу барысында адамның жан дүниесін, жүрек сырын да білуге болады. Өз ана тіліңді жетік білу арқасында өз тіліңді өзге леге танытасың, дәрежесін көтеріп, ана тілін дамытуға үлкен үлес қосасың. Тіл дәрежесінің өсуі тек ата-аналарымызға емес, бізге де, яғни болашақ ұрпаққа байланысты. Оны біз күнделікті өмірден-ақ байқаймыз. Тіліміздің байлығы – еліміздің байлығы…
Берілген сөздердің синонимдерін, антонимдерін жазу.
Жағдайы жақсарады- өмірі оңалады / түзеледі, жақсы өмір сүреді, жағдайы түзеледі (синоним); ауыртпалық / қиындық туады (антоним).
Қуанышқа кенеледі - мәз болады, күлімсірейді, бақытты болады, қуанады (синоним); қамығады, күйінеді, назаланады, қайғырады, мұңданады (антоним).
Мұқтаждық- зәрулік, керек ету (синоним); жару, жетісу (антоним).
Дәрежесі жоғарылайды - тасы өрге домалайды, еңбегі жемісті болады, жақсы жұмыс істейді, дәрежесі көтеріледі, жұлдызы жанады (синоним); дәрежесі төмендейді, абыройынан айырылады, жұмысы нашарлайды (антоним).
Байлық- дәулет, игілік, қазына, молшылық, мүкәммал (синоним); жетімсіздік, жоқшылық, кедейшілік, қатшылық, тапшылық (антоним).