В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ник41111
ник41111
23.09.2020 12:58 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра. Үлгі: Сөз тіркесі: Табиғатты қорғау. Сөйлем: Әр адам өзін қоршаған ортаны, табиғатты қорғауы керек.


8-тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра. Үлгі

Показать ответ
Ответ:
wwwnikitafakh
wwwnikitafakh
18.06.2022 17:46
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ - БОРЫШЫМ

Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.

Қазіргі таңда салт - дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз маған ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет - ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт - дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт - дәстүрін білсе тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Бала түгіл үлкен адамдарда біле бермейтін салт - дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны балалары, көрші - көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып - қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ салт - дәстүрімізге деген құрмет болар еді.

Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз. Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе. Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі - түрлі от шашулар шашып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурызда да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс, құт, несібе жасау, бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп арман - тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік, жетім - жесірге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, алғашқы қымыздан – қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға – сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беріңіздер демекпін. Бұл жазылған шығармам біреуге жай сөз болып қалар, біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
elenanovikova1972
elenanovikova1972
27.07.2021 05:36

Берілген сұрақтардың жауаптары:

Ертегі кейіпкері неге Қаңбақ шал деп аталған?

Себебі ертегі кейіпкері өте жеңіл, жел соққан сайын домалап ұшып кете береді екен.

Қаңбақ шал неден қорлық көріпті?

Қаңбақ шал түлкіден қорлық көріпті. Ол күн сайын шалдың аулаған екі балығының біреуін тартып жей береді екен.

Қаңбақ шал мен дәумен қалай кездеседі?

Түлкінің қорлығына шыдай алмай, басқа жерге көшемін деп жүгін арқалап келе жатқанда дәуді кездестіреді.

Қаңбақ шал мен дәу қалай күш сынасады?

Жерді теуіп ішек - қарнын шығармақ болып және жердің миын шығармақ болып күш сынасады.

Қаңбақ шал кемпірін қалай үйретеді?

"Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше: «Не істеймін, шал?»– деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!"– деп, кемпіріне үйретіп қояды.

Қаңбақ шал дәулерді қалай қарсы алады?

Жақсы қарсы алып, кемпірі не істеймін дегенде: "Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!" деп жауап қайтарады.

Дәулерге не кездеседі ,қандай ақыл береді?

Қашып келе жатқан дәулерге түлкі кездесіп, өштерін алып бермек болады.

Қаңбақ шал түлкі мен дәулерден қалай құтылады?

Шал: "Ей, түлкі-ау? Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой!" деп, осылайша түлкіден де, дәулерден де құтылады.

Ертегінің қандай құпиясы  бар екен?

Ертегінің құпиясы - шалдың тапқырлығы мен дәулердің ақылының таяздығы.

"Қаңбақ шал" ертегісі ертегінің қандай түріне жатады?

Сыншыл ертегілер қатарына жатқызылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота