8 -тапсырма.
Повестен төмендегі сұрақтарға жауап
ізде. Жауабыңды қысқа әрі нақты айтып
бер. Қожа мен Жантастың бейнелеріне
талдау жаса.
о
Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның
ісіне қалай қарайсың?
Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
Орыс тілі сабағына кешігіп, мұғаліммен бірге кірген Қожаның әрекетін
қалай бағалайсың? «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп,
маңғаздана қалдым да қолымды кеудеме қойып, Тәжім еттім. Мұным
балалардың құрметіне сыпайы қайтарылған жауап болды да шықты. Бала-
лар ду күліп жіберді» . Қожа — қандай бала?
«Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді? Оның істегені дұрыс па?
«Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алеппода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.