8-тапсырма. Сөйлемдерден дисфемизм сөздерді тап және қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.
Сумақай қоймашының ол
қоймашының ол сөзіне бұл күлген де қойған.
Бірақ, байқады, осы жаман неменің жүріс-тұрысы әлгі ақсақтың
айтқанының алдыңғысынан гөрі соңғысына көбірек келіңкірейді
(Ә. Кекілбаев). — Ей, мынау кім? Қайдан ерттің? Түу, өзі сап-сары,
- деп шайпу мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. – Өй, жынды ,
есерсоқ неме! Әрі кет, мұнда нең бар? – деп Шоқан тұра ұмтылып
еді, қашып үйге кіріп кетті (С. Бегалин).
Источник: https://www.zharar.com/kz/olen/9520-phone.html
© www.ZHARAR.com
Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.