... 8-тапсырма. «Спорт түрлерін дамыту үшін не қажет?» тақырыбында пікір
алмасыңдар. Төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңдар.
- Спорт секцияларын ұйымдастыру (баскетбол, волейбол, фут-
бол т.б.).
— Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғыз-
құмалақ, батпан көтеру).
– Спорт мектептерін салу. Табиғи нысандарды тиімді пайдалану.
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Толық мақаласы: Кир патшаның сақтарға жорығы
Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Патшайым Томирис, Andrea del Castagno , 1450 ж.
Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Арақс (қазіргі Сырдария) дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
Томирис кирдің басын қанға батырды Alexander Zick (1845-1907)
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер-көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш.
Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.
Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердің шабуылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спарғапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.
Ханшайым Томирис, Mattia Preti (1613–1699). 1672 ж. салған
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!
Кир өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.
Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ-қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді.
Келесі күні екі жақтың арасында бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.
Аңыз бойынша, Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін тапқызып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып:
Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.
Қарамен белгіленген сөздің тілдік ерекшелігін көрсет. Дене шынықтырумен айналысыңыз. Асықпай серуендеңіз және ойыңызды табиғатқа бөліп, қоршаған ортан…
напишите эссе на тему Ауыз су мәселесі 60 и 70 слов
Сөздердің орын тәртібін анықтап,сөйлемдерді дұрыс құрыныз 1.Климаттың,климотология,ерекшеліктері,ғылымы,зерттейді 2.Климат,бір,тән,белгілі,аумаққа,а…
1-2 Мәтіннің стилі мен жанрын, себебін анықтаңыз Стилі - ғылыми-көпшілік, себебі дәлелді, зерттелген, сөздері тура мағынада қолданылады. Жанры - ғылым…
Ақтамберді Сарыұлының «Балаларыма өсиет» өлеңінен берілген үзіндідегі айтылған ойдан қандай ой түйдіңіз? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. ...Бірлігі…
Из текста выберите 3 слова с черным шрифтом, и составьте с ними предложение.
Кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі қалай аталады? *
"Аяз әліңді біл құмырсқа жолыңды біл" деген сөзді қалай түсінесіз Көмек керек
У МЕНЯ СОЧ
ЖАЗЫЛЫМ 4 -тапсырма. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріңе жаз. Олардың синонимдерін тап.
мне через 25 мин сдавать
11. Қай сөзде дыбыс пен әріп саны бірдей емес? А) қатты В) парсы С) бөлме D) аяқ
Тас дәуірінің қамтитын кезеңі нешінші жыл б.з.д көмектесіңдер ме
плез, хелп
Бірлік - бақытты отбасының басты белгісі Мінездеме қай шақта жазылған? Өткен шақта, келер шақта Әр түрлі шақта Келер шақта, осы шақта Осы шақта, өткен…
екі қаланың арасындағы арақашықтығы 100км , ал картада - 5см.