В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lol1047
lol1047
23.02.2023 00:34 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. Төмендегі картадан өз облысыңды тауып, ондағы қазба бай лықтар, өзен, көлдер, таулар, көрікті жерлер туралы басқа облыста тұра
тын досыңа хат жазып, мақтанышыңмен бөліс. Хатта бірге жазылған сеа-
дерге мән беріп, орфографиялық норманы сақтауды ұмытпа.
Перева
Kerana
Орал
ACTAMA
Ако
с Атырау
ВАйқоңыр
O Актау
Кызылорда
Алматы​

Показать ответ
Ответ:
svitlanatopp08vqs
svitlanatopp08vqs
10.12.2021 17:39

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең қайғырып жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
диана2263
диана2263
11.09.2021 08:53

“Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады.

1995 ж. 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” агенттігі Республикасы мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап өз жиілігінде хабар тарата бастаған агенттік 1998 жылдың 14 мамырында “Хабар” агенттігі жабық акционерлік қоғамы болып құрылды. 2003 жылдың қазан айында ашық акционерлік қоғамға айналған агенттік құрамында қазір “Хабар” арнасымен қатар “Ел арна” арнасы, ”Caspіonet”(қазіргі таңда "KazakhTV") спутниктік арнасы, “Classic” радио арнасы және www.khabar.kz интернет-порталы бар. ”Хабар” телевизиялық арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 12 елінен әзірленеді. Әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де пайдаланады. Ақпараттық-публицистикикалық, қоғамдық-саяси және экономикалық, ғылыми-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. “Хабар” — әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей көрсетеді. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Ел арнадан” тәулігіне 16 сағат бойы телевиз. ойын-сауықтық хабарлар берілді. Шамамен 9,5 млн. адам көретін арнада әлеуметтік, танымдық және мәдени бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер, телесериалдар көрсетіледі. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде. “Caspіonet” (қазіргі таңда "KazakhTV") спутниктік арнасы арқылы Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африканың солт. бөлігін қамтитын тәулік бойы ұлттық ақпарат таратылады. Шамамен 99 млн. көрермен “Caspіonet”(қазіргі таңда "Kazakh TV") арқылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері өмірінің барлық саласымен барынша толық та объективті түрде танысуға мүмкіндік алады. Жаңалықтарға басымдық берілетін арна хабарлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Ақпараттық және музыкалық бағдарламаларға басымдық беріледі. www.khabar.kz интернет-порталы — елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Агенттіктің жыл сайын өткізетін ірі акциялары; еуразиялық Медиа Форум — жыл сайын өткізіледі. “Хабар” агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату кеңесі (АВU), Азия-Тынық мұхит жаңалықтар агенттіктері ұйымдары (OANA), Азия-Тынық мұхитының хабар таратуын дамыту институты (AҚBD) құрамына енеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота