8 - тапсырма . Тусiндiрме сездiктi не https://kitap.kz сайтын пайдаланып темендегі сөздердің мағынасын аныкта . Осы сездерді үстеумен байланыстырып сейлем құра . Үлгiзiнгiттей жiгiт меnсе , темір үзетiн , iрi , кол - аявы балгадай жiгim . Тепсе , темір үзетін , зіңгіттей жiгiттiң өзi әрен көтеріп келедi . Бойжеткен , бозбала , жасөспiрiм , калындык , жас жiгiт , зiнгiттей жiгiт , сака жiгiт
Ағаш жердің көркі» шағын әңгіме.
Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі, тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны білген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.
Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде:
Керқұла – Кендебайтың аты.Қуса жетіп,қашса құтылатын,аузымен құс тістеген ерен жүйрік,нағыз дос,ақылды арғымақ.Керқұла Кедебайға қойшы баланың ата-анасын қайтаруға көмектесті.
«Қобыланды батыр» ертегісінде:
Қобыландыға Тайбурылды асырап жетілтіп, жолдас қылып беру — Құртқаның өзіне мақсат қылған жұмысы болады. Тайбурыл — Қобыландының Құртқадан соңғы серігі, жолдасы. Тайбурыл — көшпелі елдің. батырына арналған ат. Көшпелі елдің қысылғанда сенімі қылатын қыл құйрықты жел жетпес, есті серігі. Жорыққа, сапарға шыққанда артта қалған елден де, үйден де жалғыз сүйеніш сезімі аты болады. Сондықтан ол ат құр ғана мінгіш, құр ғана жүйрік, берік болудан басқа есті де болу керек. Сондықтан Тайбурыл керекті жерінде (тіл бітіп) сөйлеп те кетеді. Көтерген қиял Тайбурылды өзге малдан жат қылып, ірілетіп әкетеді. Тайбурылдың бұлай болуына Құртқаның тәрбиесі себеп болады.
Құртқа Тайбурылды баласындай тәрбиелейді. Тайбурыл өзгеден өзгеше тәрбие керген, Құртқа тәрбиесінен шыққан. Сондықтан өзгеден жат ісін көрсетеді.