8-тапсырма. Жаңылтпаштарды жылдам айтып үйренейік. Анто- кимдерді қатыстырып, өздерің де жаңылтпаш құрап көріңдер. 2. Күн бе, түн бе, Пілге мінбе. 1. Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? 3. Екеуінің жасы шамалас, Бірінің шашы - қара шаш. 4. Сұр інген сүрінген бе? Сүрінген сұр інген бе?
Аяз атаға хат жазу.
Сәлеметсіз бе, құрметті Аяз Ата!
Қал – жағдайыңыз, денсаулығыңыз жақсы ма?
Барша әлем балалары Жаңа Жыл жақындаған сайын сізді тағатсыздана күтіп, өз хаттарын жолдау үстінде. Мен де сол сиқырға сенетін балалардың бірімін.
Есімім Ақмаржан, жасым сегізде. Биыл екінші сыныпта оқып жатырмын, сабақ үлгерімім жақсы, үздік оқушымын. Тәртібім де жақсы. Мектепте өткізілетін әрбір шараға белсене қатысқанды ұнатамын.
Бұл менің сізге жазып отырған үшінші хатым. Алдыңғы жылдары жазғанымда өзіме және кішкене бауырыма ойыншық сұрағанмын. Ол арманымдарымды орындағанына үлкен рахмет!
Сізден сұрайтыным сіздің тұратын жерге отбасыммен саяхат жасап, өз көзіммен көрсем деймін. Ол жер ғажайып сиқырға толы деп ойлаймын.
Сәлеммен, Ақмаржан.
-Мама,бүгін мен Славаны қонаққа шақырдым.
-Өте жақсы балам.Ендеше,дайындалайық. Қонағыңды төрге шақыруды ұмытпа,балам.
-Жарайды,мама.Папам екеуіңе оны таныстырсам деп едім. Міне,өзі де келді. Сәлем,Слава! Қош келдің!Төрлет!
-Сәлем, Асқар!Сенің ата-анаңмен амандасып алайын.Сәлеметсіз бе,Ажар тәтей!Ассаламағалейкум, Мұхтар аға!
-Папа,мама,бұл менің досым Слава.
-Қош келдің,Слава.Қане төрге шық!
-Кешіріңіз,мен түсінбей қалдым."Төрге шық" деген не?
- Слава,қазақта қонақтар құрметтеп төріне отырғызады. Сондықтан сен біздің қонағымызсң,төрге отыруың керек.
-Рахмет.
-
Объяснение: