84. Өлеңді көшіріп жаз. ic Жан дүнием ізгіліктен жаралған, Жүрегімнен күн шуағы таралған. Адамдарды ардақ тұтып, аялап, Тек жақсылық жасай беру - бар арман. Абдырахман Асылбек Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талда.2-сынып окушыся
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!
Бүгін алғыс айту күні. Жұрт кеше түннен бастап әлеуметтік желілерде, басқа да хабарласу құралдарында бір-біріне, әке-шешесіне, туыстарына, достарына т.б. рахмет жаудыра бастады. Бәрі дұрыс делік. Жалпы саналы азамат күнде Жаратушысына шүкіршілік айтып, ата-анасына, отбасына, жан-жағына шексіз алғысын білдіріп жүреді емес пе?! Бірақ неге арнайы бір күн алғыс айту күні деп бекітілді? Елбасы неге алғыс айту күнін жариялауды ұсынған еді? Бастаманың төркінінде қандай мақсат бар еді?
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен ұйымдастырылған жиынында Қазақ елінің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстан ежелден осылай көпұлтты болды деп санайтындар тарихты білмейтіндер" дей келе, Қазақстанды мекен ететін барлық этнос өкілдеріне жаңа мерекені - "Қазақтарға рахмет айту күнін" ұсынды. Сонымен қатар, Назарбаев еліміздің халқы өткен ғасырда орын алған оқиғаларды есте сақтауы керектігін айтып өзі сол кезді былай деп еске алды:
«Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы да үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым».
Жалпы, алғыс айту күні алғаш АҚШ пен Канададан бастау алған. Қайсыбір ел болмасын, даму жолында, тәуелсіздік алу жолында қиыншылық көрген. Бұл алғыс айту күні деген сол бір қиыншылықтан құтылғанына бір жағынан шүкір ету, бір жағынан содан шығар жолда атсалысқандарға алғыс айту болып табылады.
Ал, 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады
Демек бұл күн – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі болуы тиіс. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сол күндерді ұмытпайтын болсақ бүгінгі күнге шүкіршілігіміз арта бермек. Өткенін ұмытқанның болашағы бұлыңғыр. Ел ретінде алғыс айту күні – қиын кезеңдерді иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн деп білген жөн.
Әлем елдеріне саяхат жасағым келеді.