857. Қызыл кітапқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жырт- қыштардың 12 түрі және сонша кеміргіштердің түрі енгізілген.
Ашатұяқтылар саны кеміргіштер санының 1/3-ін құрайды және
қоян тұқымдастар санынан 2 есе артық. Жарғанаттар түрі қоян
тұқымдастар санының 50%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан об-
лысы бойынша Қызыл кітапқа ашатұяқтылар, қоян тұқымдастар
және жарғанаттардың қанша түрі енгізілген
Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне мысал сөйлемдер.
Аңсар ойнап жүріп, сүрініп қалды.
Айнұр музыка қосып, билей бастады. (бірыңғай баяндауыш)
Мектеп қызметкерлері, ұстаздар және шәкірттер қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Абай мен Інжу облыстық байқауға жолдама алды. (бірыңғай бастауыш)
Осы істеген қылығы үшін Арман Жансұлуға кіналай да, сынай да қарады.
Бақытжан Алматыдан келген хатты асықпай, баппен, жақсылап оқып шықты. (бірыңғай пысықтауыш)
Менің үлкен атам - ақ сақалды, қой көзді, толықша келген кісі.
Күз келісімен айнала қызыл, сары, қызғылт түстерге боянды. (бірыңғай анықтауыш)
Мағжан концертке ертерек келіп өз жанынан Асылжан мен Ғалымжанға орын алып қойыпты.
Тау мен тасты су бұзар. (бірыңғай толықтауыш)