Мысықтың басында екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - оған тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері көзге түседі. Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады
Сәлеметсіз бе, мен сіздің оқушыңызбын ғой. Сәлеметсің бе, ия есіме түсті, мен сендердің мектептеріңде мұғалім болғанмын, сен қазір немен айналысасың? Мен қазір ғылыми жұмыстармен айналысамын. Ғылыми жобам Республикалық байқауда жүлделі орын алды. Құттықтаймын, әрі қарай не істемексің? Енді жастар арасында өтетін халықаралық байқауға қатысуға дайындалудамын, ғалымдардың еңбектерімен танысудамын. Сен үшін қатты қуаныштымын, еңбегің жемісті болсын. Бос уақытымда достарыммен хабарласып тұрамын, сізді жиі еске аламыз. Бұл да мен үшін үлкен мақтаныш, ұмытпағандарыңа рахмет. Біз оны қалай ұмытамыз, сіз біздер үшін көп еңбек сіңірдіңіз, сізге көп рахмет. Қазір маған жолдастарда жан-жақты көмек көрсетуде. Дайындық, зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сізбен кездескеніме қуаныштымын. Жақсы сау болыңыз! Келген соң міндетті түрде хабарласамын. Сау бол, жеңіске жет!
Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады
Сәлеметсің бе, ия есіме түсті, мен сендердің мектептеріңде мұғалім болғанмын, сен қазір немен айналысасың?
Мен қазір ғылыми жұмыстармен айналысамын. Ғылыми жобам Республикалық байқауда жүлделі орын алды.
Құттықтаймын, әрі қарай не істемексің?
Енді жастар арасында өтетін халықаралық байқауға қатысуға дайындалудамын, ғалымдардың еңбектерімен танысудамын.
Сен үшін қатты қуаныштымын, еңбегің жемісті болсын.
Бос уақытымда достарыммен хабарласып тұрамын, сізді жиі еске аламыз.
Бұл да мен үшін үлкен мақтаныш, ұмытпағандарыңа рахмет.
Біз оны қалай ұмытамыз, сіз біздер үшін көп еңбек сіңірдіңіз, сізге көп рахмет. Қазір маған жолдастарда жан-жақты көмек көрсетуде. Дайындық, зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сізбен кездескеніме қуаныштымын. Жақсы сау болыңыз! Келген соң міндетті түрде хабарласамын.
Сау бол, жеңіске жет!