88-бет, 4-тапсырма Айтылым Мәтінді тыңдандар, оқыңдар. Сұрақтарға жау. беріңдер. (Прослушайте и прочитайте текст. ответьте на вопросы)
1. Мәтін не туралы?
2. Автордың ұлты қандай?
3. Ол қандай тілде әндерді жақсы көреді?
4. Анасы екеуі не істейді?
5. “Атамекен" қандай ән?
6. “Атамекен" әнін кім орындайды?
7. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев қай елде “Атамекен" әнін айтты?
8. Швецияда бұл әнді қалай қарсы алды?
9. Қазақстан халқы неге бұл әнді сүйіп тыңдайды?
Жігітті жолдасына қарап бағала
Атамыз қазақ "Жігіт жолдасынан белгілі, сарбаз қолбасынан белгілі" демекші, адам өзіне мінезі ұқсас кісілермен жолдас, дос болады. Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екінші үлгі тұтады. Сондықтан да "жігітті жолдасына қарап бағала" деген, себебі біраз уақыт жолдас болған адамдар бір бірінің бойындағы көп қасиеттерін өздеріне сіңіреді. Олар бір–біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінетін болып кетеді, - деген екен. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынас арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Досы жақсының өзі де жақсы деп бекер айтпаса керек.
Іздегенде әрдайым жанымыздан табылатын достарымыз аман болсын!
Эссе
Жігітті жолдасына қарап бағала.
"Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам" дегендей,доссыз адамдар өз өмірлерін елестете алмаушы еді.Ойлап қараңыз, сіздің досыңыз жоқ.Кімге мұң-зарыңды айтасың?Кіммен қуанышыңды бөлісесің?Кімнен ақыл мен көмек сұрап,уақыт өткізесің?Көрдіңіз бе,достарсыз өмір жұпыны.
Арадағы достықта ең бастысы - адалдық.Сатқындық - ол көп кешіріле бермейтін нәрсе.Жолдасы көптің – олжасы көп.Ия,бірақ көп жолдастың бәрі адал ма?Адал достан басқа,амал дос та бар екенін ұмытпайық.Ондай достар өз қара басы үшін өзгелермен достасады.Олар сені өзімен бірге
тұңғиыққа батырады."Жігіт жолдасынан белгілі" деп бекер айтпаған ғой дана халқымыз.Жаныңдағы достарыңа қара.Олар адал ма?Сен оларға сай келесің бе?Араларыңда шынайы достық па?Осы сұрақтарға жауап беріп қана,адал дос пен амал досты ажырата аласың.Өзгелер сені өзіңе қарап емес,маңайындағы досыңа қарап бағалайды.
Әлемде досы үшін жанын қиып,досы үшін күні-түні дамылдамай жүргендер бар.Нағыз достар,менің ойымша,бір-бірін жақсы біледі,қателіктеріне көрсетіп отырады,қиындықта жанынан табылып,қуанышта саған ортақтасып,өз адалдығын көрсетеді.Мұхтар Шаханов:
Ер жігіттің ел сенер
Сенім — атасы.
Достықпенен өлшенер
Ұлттың сапасы,-дегендей,достық ол болмашы нәрсе емес,ол әлдеқайда үлкен ұғым.Жанымыздағы шын достарымызды бағалай білейік!