88-бет, 5-тапсырма. Қоршаған ортаға, экология мен аспан әлеміне қатысты тыйым сөздерді есте сақта. «Қазақстанның табиғат байлығы» деген тақырыпта қосалқы айқындауышты қатыстырып, мәтін жаз. Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады. Ағын суды бұруға болмайды. «Судың да сұрауы бар». Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты пайдаланады. Қара суды сапырмайды. Жұлдыздарды санамайды. Айды қолмен көрсетпейді.
Жұлдыздарды санамайды.
• Жұлдыз санаса, өлім-жітім, жаманшылық көп болады.
• Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.
Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл - өлім-жітім шақыратын жаман ырым.
• Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «менің жұлдызым
жоға
ры» дейді.
• Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
• Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
• Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
Объяснение:
тыйым сөздер