9. Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған сағынышым сары ормандан самсаған аке болып жүргенімді ұмытып. Әлі күнге еркелеймін мен саған» дегендей әже туралы пікірлергеөз көзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.
Менің әжем ең тамаша адам. Әже Үш ақ әріптен тұратын не деген асыл, аяулы да ардақты жан! Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өсіп, тәрбие алып келем. Әжетайым мен үшін ең жақын адам. Ол мені әрдайым еркелетіп, ұйқыдан оятады. Сондықтан әжемнің «құлыншағым, ботақаным, айналайын» деген сөзі үнемі құлағыма келеді.
Жасы үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сол себептен, сабақтан жақсы баға алып, мейрамымен құттықтап қуантуға тырысамын. Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп жатқан, әжем жайлы айтпай кете алмаймын. Әдеттегідей, біздің мектепте «Аяулы әже» атты мерекесі өтті. Бұл сайысқа қатысу үшін әжем маған ән үйретті. Әнді тамаша орындап мен бас жүлдеге ие болдым. Осы күні көтеріңкі көңіл-күйімді әжеммен бөлістім.
Әжем маған әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін және үнемі қасымда болып, қызығымызды көріп жүре бергенін қалаймын.