9) Матінді оқы. Менің бабам Имаш орта бойлы, орақ мұрын, от
жанарлы кісі болатын. Әкем Момынәлі сол шымыр
шалдың төртінші перзенті екен. Оны жұрт Момыш деп
кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары
кемпір атанған. Жарықтық аса ажарлы, ақ дидарлы
кісі болатын.
•Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін айт.
•Мәтіннің авторы туралы білетініңді әңгімеле.
1) Дара сын есім: шымыр, сары.
Күрделі сын есім: орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, аса ажарлы, ақ дидарлы.
2) Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.