Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде.
Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде.
Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистральдары:
Алматы — Астана — Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскке шығады;
Алматы — Петропавл, Омскке шығады;
Алматы — Семей — Павлодар (М-38 трассасы), Омскке шығады;
Алматы — Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады;
Шымкент — Ақтөбе — Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.
Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады.
Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан көлдері.
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.

Объяснение: