9-тапсырма. Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметоваға айт- қан нақыл сөздерін оқы. Осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңды айтып,
ой бөлісіңдер. Етістік райларын түріне қарай ажырат.
• Алатын кезде - алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын,
алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай
адамнан құтылудың өзі үлкен олжа.
• Өзгеден артық боламын деп арындама, шамаңды шақта. Тең
түскенге қанағат ет. «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз
атын сойғызар» деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа
басылмағын.
• Ғылым-білім деген түпсіз тұңғиық. Жұмыр жердің бетінде оның
түбіне жеткен жан жоқ. Дегенмен шетсіз-шексіз білім жолында әркім
өзінің өресі, шама-шарқы жеткен жерге бір белгі шыбық шаншып
қалдырса, сол шыбық өсіп, өзінен кейінгіге сая болып, жол нұсқап
жатса, есте қалған деген сол болады.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Сол себепті сізге айтарым , бүкіл қазақ еліне , жер бетіне айтқым келетіні табиғатымызды қорғайық. Не де болсада біз табиғат арқылы күн көріп жүрміз, табиғат ана деп бекер айтпаған. Егер сіз табиғатты қалай қорғау керегін білсеңіз онда ойыңызбен бөлісіңіз.