9-тапсырма. Əңгімеден ауыспалы мағынадағы тіркестерді теріп жазыңдар.оларды мағынасын түсіндіріп кестені дəптерге толтырыңдар ауыспалы мағына
мағынасы
Шілденің ортасы болса да, бұл жер қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жаймашуақ сәтінде төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың...». Бұл суреттеу арқылы автордың балалық сүйкімді сезіммен табиғат тынысын тебірене тамашалайды. Әрі қарай кешкі ауылдың өмірі суреттеледі. «Шаршау дегенді білмейтін, қыз – келіншектер соғыс жылынан кейінгі, бейбіт өмірдің шуағына жылынып, сызылта ән салатын тау арасында жылтылдатып от жағып, ән шырқағанда, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, күй шертіп тау- тасты күңірентіп тұрғандай әдемі сезілуші еді –ау. Біздер, балалар, күні бойы өгіз үйретіп, бұзау жаямыз. Үш уақыт сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп – қашып ұлардай шулап ойнап жүргеніміз». Автор, аса бір ілтипатпен туған жерін суреттей отырып, әңгіменің кейіпкері жас баланың балғын балдәуренін сол кездегі яғни, соғыстан кейінгі ауыл тіршілігіне алып келеді. Соғыстың салдарынан әке – шешесіз қалған балалар әр ауылдан да табылатын. Бас кейіпкер Тортай қиял еліне сапарға шығуды өте қатты ұнатады. Қиял елінен жерге түскен соң, Тортай енді түсін айтады. Бала қиялындағы ақ боз атты түсінде көк өгізінің арғымаққа айналып, жер тарпып, кісінеп тұрған кейпінде көреді.
- Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің,- дейді досы.
- Қайдам!? Қайдан білейін, әкем марқұмның тақымы тайғада тимей кетіп еді...
Күзде жайлаудағы барлық балалар оқуға аттанғанда тауда бұзау бағып, жалғыз Тортай қалады. Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: « Мен үшінде оқы, бәлкім мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің».
- Сенің өз ақ боз атың бар емес пе?
- Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз жазылған.
- Онда мен ақ боз атымды сыйға тартамын.
Уақыт ешқашан бір орнында тұрмайды. Жылдар өтеді. Тортайда басқа балалардай ер жетеді. Ол үйленіп, екі – үш баланың әкесі болады. Кәсібі әлі сол мал бағумен айналысады.
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.