9-тапсырма. Құлпытастағы жазулар туралы тұжырымдарды оқы, өз ойың- ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
ды дәлелдеп айт.
Дұрыс емес,
себебі ...
Дұрыс,
себебі ...
Ақпарат
Құлпытасты бедерлеу халық
дүниетанымына байланысты өзгереді.
Ислам дінін қабылдаған соң құлпытасқа
қашап жаза бастады.
Барлық құлпытасқа адам бейнесі қашап
салынған.
Құлпытас — жазба ескерткіш.
Құлпытастардың шығуы туралы нақты
ғылыми тұжырымдар бар.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
Қашықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі туындауы оқушы көзіммен қарағанда заман талабы болып тұр.
Қашықтықтан білімді болу үшін: Адам-Компьютер-Ғаламтор қағидасына зер салатын болсақ:
А XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастауы біздерге көптеген ғылымдар көздерін жақындатты, мысалы:Нанотехнология-жасанды интеллект, роботтық кезең.
Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруы, қажет болса: өз біліміне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді.Карантин жария етілгеннен бері мұғалімдер тынбай жан-жақты іздену жолында жүргенін оқушылар IV тоқсан басталғанда керемет сезіне бастадық. Күнделікті оқушылармен бір сынып ішінде отырмай, қашықтан араласып білім алатынымыздың дұрыс тиімді жолдарын аяулы ұстаздарымыз мықты жауапкершілікпен қолға алғанын көрдік.
Қашықтан оқыту (қашықтан білім беру) - оқыту формаларының бірі ретінде электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы оқу танымдық қызметтері әдістемелік тұрғыдан жан-жақты және жеке тұлғаны дамыту барысында алыстағы білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған оқыту процесі екенін ұстаздарымыз бізге түсіндіре отырып жұмыстарын бастап кетті.
Қазіргі таңдағы болып жатқан індетті болдырмау үшін мұғалімдер бірден қашықтықтан оқытуға бейімделуі және біздерге білімді қашықтықтан игертуі, оқушы қауымының бойынан оқу барысында жауапкершіліктің оянуына септіктері тиді. Мұғалімдерім өз пәндерімен қоса техникалық білім және білім беру педагогикалық дағды- әдістерді терең меңгерген ұстаздар.
Объяснение: