9-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Үстеулерді тауып, көшіріп жазыңдар. Әлемдегі ең алғашқы кітапсыз кітапхана
Техастың Сан-Антонио қаласында бұрын болмаған BiblioTech
кітапсыз кітапханасы ашылмақ. Бұл кәдімгі кітаптарды элект-
рондық нұсқамен ауыстырған әлемдегі ең бірінші әрі ерек-
ше кітапхана болмақ. Электрондық кітапхана ашуға Apple
корпорациясының іргесін қалаушы Стив Джобс туралы жазған
өмірбаяндық естелік себеп болған. Алғашқы кезде мұнда
электрондық кітаптарды оқуға арналған 100 құрылғы орнаты-
лады. Оны кітапхана залында емін-еркін пайдалануға немесе
белгілі бір уақытқа үйге алып кетуге де болады. Кез келген
адамға BiblioTech-ке өз құрылғыларымен келіп, тіпті ұнаған
кітаптарын көшіріп алуға да рұқсат беріледі.
Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.
Менің әкем өте қайырымды адам. Ол адамдарға қиын уақытта көмектеседі. Маған көмек керек болған кезде, ол маған көмектеседі. Кейбір қиындықтарыммен оған келемін, өйткені мен ойлаймын әкемнен басқа ешкім менің қиындықтарымды шеше алдмайды деп. Ол мені дұрыс емес әрекеттерден сақ бол деп айтады.
Әкем батыр және қайратты. Ол еңбексүйгіш. Бос уақытында бізбен өткізгенді ұнатады. Мен өз әкемді қатты жақсы көремін.