9-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып немесе өз өмірлерің дегі оқиғаларды ескере отырып, талғау мәнді сөйлем құраңдар. Сөйлемнің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеңдер. Үлгі: Жастар бақытты отбасы болу дегенді жақсы тұрғын үйлі болу немесе табысты болу деп түсінеді. on?
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді
Бүгінде дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Бұл тұста діндегі шектен шығушылықты айта кеткен абзал. Баланың қиянатшыл һәм қатігез болып өсуіне құдайсыздық қалай әсер етсе, әсіре діншілдік тәрбие де солай әсер етеді. Неге десеңіз, екеуі де сағат маятнигінің қос шеткі нүктесі сияқты бек шетін жол.
Қиянатшылдық–өзімшіл менмендіктен, яғни «менікі жөн, өзгенікі бұрыс» деген ойдан туады. Біз ғана «тура жолдамыз» дейтін діні, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, намазы жоқтарды кісі құрлы көрмейді. Өз заманында Абай, Шәкәрім «Адамды сүю» гуманистік идеясын берік ұстанды. Хакім Абай 38-сөзінде қиянатшыл жандарға «жарым адам», «жарым мұсылман» деген «диагнозын» қояды.
Объяснение: