Тақырыбы: Тіл қисыны Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат-топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. (160 сөз)
Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы.
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)