Сәнді киім және жарасымды киім - қайсысын таңдаған дұрыс?
Адам көркі – шүберек деп тегін айтылмаған. Қазіргі таңда кез-келген киімді сатып алуға мүмкіндік бар, тіпті уйде отырып Интернет желісі арқылы да тапсырыс беріп, қалаған киімді 2-5 күн аралығында алуға болады. Бұл дегеніңіз қазіргі заман талабына сай өмір сүріп отырған жастарға өте ыңғайлы, себебі киім алу үшін әдетте дүкен аралап, 2 – 3 жұмсайтын болсақ, Интернеттен небәрі 15 – 30 минут аралығында тапсырыс бере аламыз.
Менің өз басым киімнің жарасымды болғаны дұрыс деп ойлаймын. Киім көркіңді келтіріп, жарасып тұрса, өзіңді де ыңғайлы сезінесің. Күнделікті өмірде мен ыңғайлы аяқ – киім мен шалбар кигенді ұнатамын. Дегенмен, түрлі тойлар мен мерекелік іс-шараларға киетін әдемі, сәнді көйлектер болған дұрыс деп есептеймін. Сәнді киімді күнделікті киіп жүру ыңғайсыздық туғызатындықтан, одан небәрі 3-4 болса, жеткілікті.
Дегенмен әр адам өз ыңғайы мен таңдауына сай киінеді.
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз.