9 -тапсырма.
Әр сөйлемге бірнеше сұрақ қой.
• Қызғалдақ пен сарғалдақ алғаш Ақсу-
Жабағылы қорығында өскен.
1. Ақсу-Жабағылы қорығында не өскен?
2. Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ
пен сарғалдақ өсті ме?
3. Қызғалдақ пен сарғалдақтың алғаш
қайда өскен?
Қызғалдақтың алты түрі де алғаш осы
қорықта пайда болған.
Грейг қызғалдағын Ақсу-Жабағылыдан
Голландияға апарған.
• Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда
жоғары бағаланған.
Содан бері әлемге біздің қызғалдақтың
200-ден астам түрі тараған.
ЖАЗЫЛЫМ
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O