А дүниеге келгенде ата-анасының жүзіне қуаныш сыйлайды емес пе? “Міне, менің ұрпағымның жалғастырушысы, атымды шығаратын, абыройымды көтеретін” немесе жай ғана “Қартайғандағы тірегім, қарайтыным” секілді бірталай үміт артады. Алайда, соңғы уақытта еститініміз өңкей бұзақылық. “Бір мектеп оқушысы екінші оқушыны атып кетті, пышақтап кетті, суық қаруды заңсыз сақтағаны үшін ұсталды, ұрлады және т.б.” Бұндай жастарда сонша қатігездік қайдан табылды? Ата-анасының артқан үміттерін осылайша ақтамақ па? Жастарымыз қайда бара жатыр? Қылмыкер жастарды бұндай істерге не жетелейтінің қарап көрейік. Бірде өзім сондай азаматтармен сөйлесіп көргенімде айтатын себептері келесідей болып шықты: “Ол мені сатып кетті”,”Мені сыйламайды, дұрыстап амандаспайды, артымнан жаман сөздер айтады” немесе “Жинап бересін деген ақшаны уақытында жинап бермеді” – секілді себептерді көб естідім. Бұдан басқа да шынымен-ақ “себеп” болар сөздер де бар шығар бірақ осының өзіне қарағанда сол жастардын басқа ойланатын нәрселері жоқ сиақты. Бұндай адамдарға білім де керек емес, оқуды бір амалын тауып бітірермін дейді. Жұмыс та табылар, ағам бар көкем бар деп өзің бос сезінеді. Бала деген жас кезінде оқып, білім алып адам болып, тұлға болып қылмыскер емес есі бар қоғамның сыйлы азаматы болуға тырысуы керек емес пе? Абай атамыз айтып кеткендей кетігін тауып барып қаланбайды ма? “Бала, баланың ісі шала” – деп бекер айтпаған. Менің ойымша, жас ұрпақ бір-бірімен білек күшімен ғана емес, біліммен де жарысып, көп білуге тырысуы керек. Жастайынан кітап оқып, дұрыс адамдардан үлгі алып, бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беруі керек. Ондай азаматтардан бір нәрсе шығар, ондай ұрпаққа үміт артуға болады. Ал бұның бәрін үйрететін, бірден бір үлгі болатын сол үміт артып отырған ата-ана. Перзентінің адам долуын қаласа оған тәрбие беруден жалықпауы керек. Жұмысан шаршап келгенің сылтау қылмауы керек. Түсіндіруге ерінбеуі керек. Өзім бірнеше рет ата-аналардын ештенені түсіндірмей жай ғана “болмайды” деп қоя салғаның көрдін. Ол, менінше, дұрыс емес. Баламен сөйлесу керек, оған көңіл болу керек, өйткені ата-анасынан үйренбегенде, ешкімнен үйренбейді. Қорытындылай келгенде, ақыл мен жақсы мінездердін жоғалуына жол бермеуіміз керек. Қоғамның адамға қатты әсер ететіні барлығымызға белгілі. Ендеше сол қоғамды ақылды, парасатты, сенімді және талпынысы бар азаматтармен толтыратын болсақ, ата-анасының да үмітін ақтар, елімізді де одан ары көтерер азаматтар болады.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Сенат Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/a/senate/state-symbols Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Сенат
Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/a/senate/state-symbols
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты