9-тапсырма. Төлеген Айбергенов туралы айтқан замандастарының пікір- лерін оқы. Ақын тұлғасына тән қасиеттерді диаграмма түрінде жаз.
Маған жастардың ішінен марқұм Төлеген Айбергеновтің қарапайым
ғана адамдық мінезі қатты ұнаушы еді (Ғабит Мүсірепов).
Төлеген — өлеңнен жаралған жалыңды жас еді (Сырбай Мәуленов).
Ақынның сағынышты саздары өлмес жыр боп өмір сүріп жатыр. Әр
жолындағы ынтызар ықылас, нәзік наз, майда мұң замандасқа, заманға,
өмірге деген құштарлықты, өнерге деген сағынышты жаңғырта беретін
сияқты (Тұтқабай Иманбеков).
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясына бетбұрыс әкелген ірі талант
(Мылтықбай Ерімбетов).
Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың а жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.