9-жұмыс парағы. Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? Кедергі жаса
Әр суретте сағат дыбысы қалай естіліп тұрғанын сипаттап жаз.
Сағат дыбысының естілуін бәсеңдететін кедергінің суретін
сал. Кедергіден дыбыс шағыла ма, жұтыла ма? Бағыттама арқылы
бейнеле. Осы үдерісті сипатта.
2
минимум
Сағатпен жасалатын тәжірибе
1. Шарды үрле. Сағатты ал. Сағаттың дыбысын шар арқылы
тыңда. Естіген дыбысың туралы қорытынды жаса. Қорытындың-
Aы жаз.
2. Шардың ішіне су толтыр. Сағаттың дыбысын су толған
шар арқылы тыңда. Естіген дыбысың туралы қорытынды жаса.
Қорытындыңды жаз.
3. Сағатты партаға қой. Құлағыңды партаға төсе. Естіген
дыбысың туралы қорытынды жаса. Қорытындыңды жаз.
оноо
4. Өз қорытындыларыңды сыныптастарыңмен талқыла. Қан-
дай орта дыбысты жылдам таратады. Қорытындыңды жаз.
Бен Хейн 1983ж дүниеге келген.Белгиялық суретші өзінің ең алғашқы картинасын 2010ж хатты суреттермен өңдеу кезінде ойламаған жерден жасап шығарған.Содан бері осындай картиналармен айналысып келеді.Оның 100тарта картиналары бар.Ол өз картиналарын:"Қарындаш камераға қарсы"-деп атаған.Бен Хейннің бұл суретін сипаттайтын болсақ,саябақта жалғыз отырған әйел бейнесін суретке түсірген.Әйел адам төмен қарап мұңайып ойланып отыр,мүмкін жігітін ойлап отырған болар.Ал суретші шынайы фотосуретке қиялдағы гүл ұстап күтіп отырған ер адамның суретін қарындаш аоқылы салып шынайы өмірді қиял өмірімен жалғастырған.Әйел отырған саябақ қанық бояу,қазіргі шынайы өмірде,ер адам отырған жер қара қарындашпен салынғандықтан өткен өмірді бейнелейтін сияқты.Жерде ортасынан бөлінген жүрек белгісі жатыр.Соған қарағанда екеуі ажырасқан, не ер адам қайтыс болғанда болуы мүмкін.Бұл менің түсінігім.Бен Хейн картиналары өзге картинаға ұқсамайтын ерекшелігіменде танымал.
Бен Хейн-кім?Зат есім.Жалқы зат есім.
Әйел,ер,саябақ,суретші,гүл,жүрек,Зат есім.Жалпы зат есім.
Қиял.Зат есім.Дерексіз зат есім.
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.