Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
1.Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі. 2. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады. 3. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ 4. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. . 5. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды. 6. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а) 7. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: қыран, қаршыға
*Қыран қанат қас қабағы түйілген,
*Жеңіл ғана шидем шапан киінген,
*Келе жатыр қол басында бір жігіт
*Қаршығадай тас қомданып шүйілген.
1.Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
2. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.
3. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ
4. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. .
5. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.
6. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)
7. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: қыран, қаршыға