А 6.1.5.1- тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. Ж 6.3.6.1. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау. 4-тапсырма. Тыңдалым мәтініне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарды пайдаланып, диалог құрыңдар.
– Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша километр екенін білесің бе?
– Еуропада орналасқан жалғыз керемет қайсы?
– Көне қала Петра саяхатшыларды несімен таңғалдыруда?
– Әйгілі Тәж-Махал кесенесі қайда орналасқан?
– Чичен-Ица қаласының басты нышаны не?
Дескриптор:
1. Сұрақтарға жауап береді;
2. Диалог құрады.
6-тапсырма. Графикалық диктант жаз. Егер берілген пікірмен келіссең, үшбұрыш белгісін, ал келіспесең, төртбұрыш белгісін қой. Қате кеткен жерлерді түзетіңіз.
1. А өйткөні ол – табиғаттың бір бөлігі.
2. Адам – табиғаты билеп-төстеуші бағындырушы.
3. Ежелгі адамдар табиғат құбұлыстарынан қорқып- соларға табынған.
4. Тұрмұс заттары, құрылыстар, қолжазбалар кітаптар, тиындар – тарихи ескерткіштер.
5. Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғалым
Дескриптор:
Графикалық диктант жазады;
Орфографиялық қатені анықтайды;
Пунктуациялық қатені табады.
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]