Ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскел қыз күйеуінің туған-туыстары өз атымен атамайтын болган. Солар-. дыц әрқайсысына лайықтап (жолына, жасының үлкен-кішіі қарай) өз тұсынаи басқадай ат коюға мәжбүр еткен. Мәс кызга қарп көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға кекілдім, айдарлым, түлымдым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре мырза ага, би ага делінген. Шешек ауруының атын атасақ, “жұғады”, “жабыса-ды” деген сенімге байланысты шешек ауруының атын тура ата-май, әулие, қорасан, мейман, қонақ, деп өзгеше атаран. Қасқырды қаскыр деп атасак, естіп қойып, “малымызға шабады” деп қорқып, оны итқүс, қара қүлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды да жылан десек, “келіп шағады” деп үрейленіп, оның түйме, қамшы, үзын қүрт деп айтқызған. Ұры алган, жо-ғалған малды ұрланды десек, “мүлдем табылмай кетуі мүмкін” деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал сауылып бітті егеннің орнына мал байыды, кун батты дегеннін орнына күн айыды, жиналган адамдар кетейік, қайтайық дегенніц орнына көбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді. туберкулезнемесе құрт ауру деудің орнына өкпе ‘ауруы, рак нсмесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына ‘самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін ‘сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастыры- лады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғы-ың сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.
Төрт түлік мал төлінен бастап:
Түйеде:
1 жасқа дейінгі төл - бота;
1 - 1,5 жастағысы - буыршын (ұрғашысы - бұзбаша) деп аталады;
піштірілген еркек түйе - атан, қосөркешті еркек түйе - бура, сыңар өркештісі - үлек;
қос өркешті (айыр) және сыңарөркешті (нар) түйелердің алғашқы ұрпағын - қоспақ (біртума), екінші ұрпағын - балқоспақ, үшінші ұрпағын - мырзақоспақ;
тұңғыш ботайлайтынын - қаймалы, одан әрі боталай беретінін - інген, нардың ұрғашысын - аруана дейді.
Жылқы төлдерін былай бөледі:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Қой түлігінде:
Қой түлігі негізінен қозы, саулық, еркек қой болып үш топқа бөлінеді. Оның жаңа туған төлі қозы деп аталады.
Туу мерзіміне қарай қозы: арамза, кейе, қауқа, күнтимес, көпей, бөдене деп аталады. Жетіле бастағандарын марқа, бағлан дейді.
Саулық: тұсақ, саулық, бойдақ қой.
Еркек қой: ісек, қошқар, азбан болып бөлінеді.
Жасына қарай қой: тоқты, құнан қой, дөнен қой, ағауыз деп те аталады.
Ірі қарада:
1 жасқа толмаған төл - бұзау, баспақ, торпақ, одан үлкені - тайынша, тана;
1,5 - 2 жастағы ұрғашысы - қашар;
3 жасқа қарағаны - құнажын (құнажын сиыр, құнан өгіз);
4-ке қарағаны - дөнежін (дөнежін сиыр, дөнен өгіз);
5 жастан бастап сиыр, өгіз деп аталады.
Жынысы жетілген еркек малды - бұқа, піштірілгенін - өгіз дейді.
Шешек ауруының атын атасақ, “жұғады”, “жабыса-ды” деген сенімге байланысты шешек ауруының атын тура ата-май, әулие, қорасан, мейман, қонақ, деп өзгеше атаран. Қасқырды қаскыр деп атасак, естіп қойып, “малымызға шабады” деп қорқып, оны итқүс, қара қүлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды да жылан десек, “келіп шағады” деп үрейленіп, оның түйме, қамшы, үзын қүрт деп айтқызған. Ұры алган, жо-ғалған малды ұрланды десек, “мүлдем табылмай кетуі мүмкін” деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал сауылып бітті егеннің орнына мал байыды, кун батты дегеннін орнына күн айыды, жиналган адамдар кетейік, қайтайық дегенніц орнына көбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді.
туберкулезнемесе құрт ауру деудің орнына өкпе ‘ауруы, рак нсмесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына ‘самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін ‘сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастыры- лады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғы-ың сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.