"Менің отбасымдағы аяулы жандар" Өмірде әркімнің өз отбасысы, жанұясы болады. Мысалы, менің өз жанұям бар, "отан отбасынан басталады" деген қазақта сөз бар. Менің отбасым атамнан, әжемнен, әкемнен, ананман және інімнен құралған. Бұл жандардың бәрі де маған қымбат! Әкем мені күніге оқыған білімімді тексереді. Тексерген есептерді ақыл таразысына салады. Ал анам болса, мені тазалыққа жетелейді, менің өскенде жақсы маман таңдағанымды қарайды. Ешкімнің ала жібін аттама деп үйретеді. Ал әжем мен атамның бізге үйреткен нәрселері өте көп. Інім екеумізді көзінің ағы мен қарасындай көреді. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын!
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.
Батаның түрлері:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
2 сұрақ.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
3 сұрақ.
Ит өлген жер – алыс;
Қырғиқабақ болу – ұрысу;
Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.
"Менің отбасымдағы аяулы жандар"
Өмірде әркімнің өз отбасысы, жанұясы болады. Мысалы, менің өз жанұям бар, "отан отбасынан басталады" деген қазақта сөз бар. Менің отбасым атамнан, әжемнен, әкемнен, ананман және інімнен құралған. Бұл жандардың бәрі де маған қымбат! Әкем мені күніге оқыған білімімді тексереді. Тексерген есептерді ақыл таразысына салады. Ал анам болса, мені тазалыққа жетелейді, менің өскенде жақсы маман таңдағанымды қарайды. Ешкімнің ала жібін аттама деп үйретеді. Ал әжем мен атамның бізге үйреткен нәрселері өте көп. Інім екеумізді көзінің ағы мен қарасындай көреді. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын!
Берілген билетке жауап.
1 сұрақ.