Ақиқат» немесе «жалған» ақпараттарды анықтаңыз. р/с ақпарат Ақиқат/жалған
1 Шіркеулердің баю көздерінің бірі – индульгенция сату болды
2 «Кешірім ақшаға емес, Құдайдан беріледі»–деп айтқан М.Лютер
3 Шіркеуді реформалау мен қайта ұйымдастыру –реформация деп аталады.
5 Рим папасы Реформациямен күресу үшін иезуиттерорденің құрды
6 Мартин Лютердің екінші аты – «Женевалық папа» болды
7 Иезуит орден мүшелерінің ойынша шіркеу үшін кез- келген қылмыс жасауға болады
8 Германиядағы 1524-1525 жж. шаруалар көтерілісінің қолбасшысы Жан Кальвин болған
9 Ұлыбританияда орын алған Реформацияның ерекшеліктері–оны патшаның өзі өткізген
10 Католиктік шіркеуінің көзқарастарына қарсы болған ғалымдардың еңбектері мен кітаптары «Тыйым салынған индекс» деп аталған
Туған қалам
Алматы - менің туған қалам. Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.