«Ақиық» сөзінің мағынасын түсініп оқы. Запомните значение слов «Ақиық» (напишите письменнона казахском языке)
1. Ақиық -орел из семейства орлиных. Ақиық обитает в Алматинской области. 2.В переносном смысле слово ақиық обазначает «высоко как горная вершина»; «чувствительный, умный, талантливый человек» (запомните)
Тәрбие, білім, ақыл – адамның үш тағаны. Осының біреуі кем соқса, адам толымды болмайтын сияқты. «Тәрбие – тал бесіктен» екені белгілі. Адам жастайынан ата-анасының, өсе келе балабақшаның, мектептің, қоғамның, қоршаған ортаның тәрбиесін алады. Өз бойына көңілге түйген тәлімін жинайды. Барлық адам бірдей тәрбиелі болып кетпейді. Мұның себебі, айтылған ақылды, берілген тәрбиені әр адам бірдей қабылдай бермейді. Біреулер өзгеріп, жақсы, өнегелі болып қалыптасса, енді біреулері керісінше адамға жұғымсыз, жат әрекеттерімен, теріс қылықтарымен қоғамдық ортаға сыймай жүреді.
Бәрі адамның өз қолында, яғни өзіне байланысты. Әр адам өз-өзін жетілдіруге, дамытуға жұмыс жасауы керек емес пе? Кітап оқысын, рухани дүниелерден сусындасын. Қазір, құдайға шүкір, заман оқимын деген адамға көптеген мүмкіндіктерді беріп отыр. Ғаламтор бар, ақпарат құралдары күн сайын дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, адам кемелденіп, ақыл-парасаты толыға түсуі керек. Асылы, а өмір бойы оқып өтуі тиіс. Шетелде «Өмір бойы білім алу» деген керемет жоба бар. Ол жоба бойынша әр адам өмір бойы оқиды. Мейлі ол қызметте жүрсе де, әрдайым оқып, өзінің қабілетін дамытып, жетілдіріп отырады. Қоғамда да осыған байланысты оң түсінік қалыптасқан. Бәрі де өмір бойы оқу керек екенін біледі. Өйткені оқымаса, ол артта қалып қояды. Заманның ағымына ілесе алмай қалады. Жақсы маман да болып шыға алмайды. Бізге де осындай тәжірибені ендіру керек. Біз заманның бағдарын дер кезінде аңғарып, өзіміздің іс-әрекетімізді уақыттың талабына байланысты жоспарлап отыруымыз қажет. Уақыттың талабын елемеген адам көп жағдайда өзінің алға қойған мақсатына қол жеткізе алмасы анық. Ондай адам тіпті өзінің өмірін де бір арнаға бағыттай алмайды. Өз бетінше шешім де қабылдауды білмейді. Ал өмір адамнан тек шынығуды, алға талпынуды қажет етеді. Бұл шындап келгенде үлкен әрі зор мақсат. Осыған батыл қадам жасап, қабілетін, талантын дамыта білген кісі бақытты болуға лайық адам.
Тағы бір атап кетуге тиіс мәселе – қоғамдық мәдениет. Осы мәселе туралы ойланып көрсек. Мәселен, қоғамда әртүрлі адамдар бар. Бәріне бірдей кінә да таға алмайсың. Бірақ кейбіреулері мәдениетті сақтай бермейді. Дөрекі сөйлейді, әдеп сақтамайды. Әрине, көпке топырақ шашпайсың, өзгелерге әркез жақсылық тілеп, қуанышына марқайып жүретін адамдар да бар. Олардың еңбектерін жоққа шығаруға болмас. Дегенмен, қоғамдық мәдениеттілік мәселесінде әлі де ойланатын тұстарымыз бар. Соны қоғам болып талқыға салып көрсек қандай ұтымды болар еді.
Шынтуайтына келгенде, қоғамдық мәдениет бірден қалыптасып, бірден орнығып кетпейді. Ол күнделікті ізденіс, күнделікті жұмыс негізінде іске асады. Жұмыстың ең үлкені, ең биігі бұл, әрине, әр адамның өз-өзін тәрбиелей білуге ұмтылуы. Егер олай болмаса, қоғамдық мәдениет те қалыптаспайды. Қоғамдық мәдениеттіліктің басты шарты бұл имандылық, сабырлылық. Сонымен қатар парасаттылық. Парасаттылық болмаған жерде игі істің өркен жайып кетуі күмәнді. Алды-артын ойлап барып шешім қабылдайтын ақыл керек. Сөйтіп барып, қоғамымыздың кемшін тұстарын түзеп, қоғамдық мәдениеттіліктің жоғары деңгейін қалыптастыра білсек, өте орынды болар еді.
Қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген жақсы сөз бар. Әдептен озбаған да дұрыс. Қалай дегенмен, әдет пен әдеп сақтау адамның өз қолында. (Написал быстро)
Халқымның «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-ң асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- тұмар падишаның ерлік істері. «маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. сонда енді не бар? ! » деп тұрсыңдар ғ менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған.