Ақиық ұстазы − Әбу Насыр Мұхаммед ұлы Мұхаммед Тархан Фараби туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол шығарманы үш рет оқып шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы қоғамды «толық» әм «толымсыз» деп екіге бөледі. Толық қоғамның өзі үш түрлі: үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғам − бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзат; орташа қоғам — белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке-дара қала халқын жатқызған. Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге бөледі: «Адамдары бақытты болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады, халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам да ізгі қоғам болады», — дейді. ...Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды, өзімшіл, менмен, мақтаншақ келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл ләззаты байлықта, билікте. Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы — осы Отырар емес пе? Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойыл ған. Жұрт та бір-біріне үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен соғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса, тойтарар қайраты мол. Ешкімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім. Әбу Насырдың қандай ғажайып шығармасы бар?
«Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітапта» ғұлама не туралы айтқан?
Надан қалаларды Әбу Насыр қанша түрге бөледі?
Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қала – қай қала?
Әбу Насырдың ойынша, ізгі қала тұрғындары қандай болады?
Ізгі қаланың әміршісі қандай болғаны дұрыс?
Объяснение:
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Тарих
Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаяны