А мәтіні Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Ә мәтіні
Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады.
Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген.
А мәтіні
Ә мәтіні
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
Қазақ халқының қолөнері көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс. Табиғи шикізаттарды пайдалана отырып, қолөнершілер әртүрлі бұйымдар жасайды. Олар ат әбзелдері, құрал-саймандар, тұрмысқа керекті заттар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар. Бұл бұйымдарға қарап халықтың тұрмыс тіршілігін, салт дәстүріннің көрінісін көруге болады Музыкалық аспаптарды ағаштан жасады: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қару жарақтар: найза, садақ, қалқан, қылыш, айбалта,қанжар және тағы басқа заттар. Ыдыс аяқтан құмыра, торсық, месі, күбі, кесе, қасық, құман, қазан т.б. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау,ағаш төсек жасау, бесік жасау. Сонымен қатар сәндік, зергерлік бұйымдар моншақ, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа және тағы басқа заттар.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады.
Хоккей ойыны туралы.
Хоккей – арнайы шыбық (клюшка) пен шайбамен немесе доппен ойнайтын спорт түрі. Яғни шайбалы хоккей және допты хоккей болып екіге бөлінеді.
Алғаш рет хоккейге ұқсас ойын түрін Голландияда ойлап тапқан екен. Ал қазіргі кезде бүкіл әлемде ойналатын спорт түрі Канадада пайда болған. Ойынның мақсаты - шайбаны (допты) қарсыластың қақпасына кіргізу. Ойын жиырма минуттық үш кезеңнен тұрады. Егер үш кезең бойы жеңімпазды анықтай алмаса, онда овертайм ойнатылады. Овертаймда да жеңімпазды анықтау мүмкін болмаса, онда буллиттер сериясы жарияланады.
Табыс септігіндегі сөздер қою әріппен жазылған.