А мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер 1. Сұлтан Баймағамбетов кім?
2. Сұлтан Біржанұлы қашан ж/е қайда дүниеге келген?
3. Батыр қандай ұрыстарға қатысқан?
4. Қалай қаза тапты?
5. Сұлтан Баймағамбетовке қашан ж/е қандай атақ берген?
жауап беруіңізді сұраймын
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылы — 25.7.1943, Ленинград облысы Киров ауданы Синявино поселке) — Кеңес Одағының Батыры.[1]
1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944).
Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі поселкесіндегі екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді.Қояндыағаш ауданында ескерткіш орнатылған.