В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Anna200689898098654
Anna200689898098654
18.01.2021 15:21 •  Қазақ тiлi

А мәтіні Достығымыз  әлемге  әйгілі

 

          Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

 

1. Дүниежүзінде қандай ел жоқ?

A. достығы өнеге болатын

B. достығы үлгі болатын

C. өзге тілді мектебі бар

D. достығы өнеге мен үлгі болатын

[1]

2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.

A.   І

B.   ІІ

C.   Екеуінде де

D.   Ешқайсысында

[1]

3. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

 [3]

 

Ә мәтіні

          Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы                      1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.

Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

 

1. Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен?

A.  Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

B.  Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін.

C.  Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

D.  Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба.

[1]

2. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған?

A.  I-V

B.  IV-V

C.  І-ІІ

D.  ІІІ-ІV

[1]

3. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

 [3]

 

 

 

Жазылым

 

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді қолдана отырып,  жазба жұмысын (әңгіме, эссе немесе хат) шылау түрлерін қолданып жазыңыз.

[10]

 

1. Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.​

Показать ответ
Ответ:
culi42
culi42
25.10.2021 00:45

ответ:Аттары аңызға ай­налған сол тұлпар топтың мүшелері – қазақ ғарыш­керлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айым­бетов туралы шертетін тол­ғамды сыр аз емес. Біздің  тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің 24 жыл бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бас­тауы болды. Осы ұшуды жүзеге асыру үшін қаншама қиындықты еңсеруге тура келгені есімізде. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев – жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысты. Ол – ашық ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ. Айдын Айымбетов  тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды. Мен халқымды еліміз бағындырған жаңа жетістікпен құттықтаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Zeff
Zeff
27.01.2020 14:41

Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз. Соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз.

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.Өзін нысанаға алған жауды тұтқынға түсіріп, қаңтардың 13-нен 14-не қараған күні Әлия ротаны ұрандап шабуылға көтерді.

Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Әлияның есімі қазір де біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері Әлия бейнесін жасады.

 Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды.

 

 Соғысқа қатысқан әрбір жауынгер құрметтеуге лайық. Біз, жас ұрпақ, сол ата-бабаларымыздың ерлігін қастерлеп, өзімізге әрқашан үлгі етуіміз қажет. Соғыстың бетін аулақ қылсын. Алайда ел басына қатер төнсе, елімізді біз қорғамағанда, кім қорғайды? Азат елдің ұл-қыздары ерлік дәстүрлерін де берік ұстануы қажет.

Объяснение:

Надеюсь ответ будет лучшим для всех

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота