А) Мәтінмен танысыңдар. Мәтіндегі стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер енгізіп, редакциялаңдар,
Сарқылмайтын ресурстарға, негізінен, біздің ғаламшарға қатысты
сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен
бүған ғарыштық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы
және одан туындайтындар - жылжымалы ауаның энергиясы, су
толқыны, Ай мен Күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының
толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық
ресурстар атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар
жер қойнауындағы жылу жатады.
Сарқылмайтын қор а тәуелсіз болып келеді. Соның
бірі су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3-сін алып
жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына
келіп отырады. Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану
нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық
жағынан сарқылмайтын ресурс.
«Экология және табиғатты тиімді пайдалану» оқулығынан
8 класс КАЗАК ТЫЛЫ ЖДУ
Мен Ақтауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Ақтаудың орны ерекше.
Ақтау қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Каспий жағалауы – Ақтаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Ақтауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, әсіресе мұнай, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Ақтаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Отан отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!