Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны.Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. Ол – біздің жасалған жақсылықтарымыздан болуы әбден мүмкін. Бірақ та жақсылықтан қайтарым үміт етіп жасау – дұрыс ниет емес. Адамның табиғаты сол – өзіне жақсылық жасап, жақсы мәміледе болған адамға жамандық жасауға ұялады. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі,» – деп М.Әуезов айтқан екен. Яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару – көптің қасиеті. Ал енді нағыз ерлер, шын мәнісіндегі тұлғалар жамандық жасаған адамға да қайырымды болады, ізгілігін, жақсылығын аямайтын болады екен. Міне солар – адамгершіліктің биігіндегілер. «Жақсы кісі ай мен күндей, әлемге бірдей» деп айтқан екен ғой қазақ атамыз. Шын жақсы кісі барлық адамға «нұрын» шашқысы кеп тұрады, адам жатырқамайды. Көңілі даладай кең, пейілі дархандар ғана сондай
Объяснение: