Ақпарат Дұрыс Бұрыс 1 Абайдың шын есімі – Ибраһим. 2 Әкесі еркелетіп Абай деп атап кеткен. 3 Абай – қазақтың ұлы жазушысы. 4 Абай он жасынан бастап өлең шығара бастаған. 5 Ахмет Риза медресесінде бес жыл білім алады. 6 Приходская школаға түсіп, орысша оқи бастады.


САҒЫНЫШТАН ЖАРАЛҒАН АҚЫН
18.09.2017
Өмірге ғашық болмаған адамнан ақын шықпайды. Шайыр болу үшін мына шексіз дүниені бар жан-тәніңмен құлай сүю керек. Пенде баласының асыл ойлары мен сұлу сезімдері ақындық жүректе гүлдеп, бүршік ататындықтан, әлемді адал махаббатымен сүйген адамға ғана өмір құшағын жайып, сыр сандығының талай құпиясын ашады. Сөз патшасы өлең өнердің босағасынан келін болып именіп аттағанда мына айдай әлемге сүйіспеншіліктің көзімен қараған. Өлеңді айтасыз-ау, сол құдіретті өнердің өзін де өмірді сүйген адамдық сезімнің сүйіспеншілігі туғызған жоқ па еді?!

Дүниені сүйген адамның бойында Аллаға деген шексіз сағынышы оянды, жүрегінде өлең оты тұтанып ұлы Жаратушымен ойша сырласып, мұңын шағып оны тереңірек тануға мүмкіндік алды. Міне, осылайша мәртебелі поэзия адамның Алладан кейінгі ең жақын сырласына айналды. Жалғыздықтан жалығып, мына бес күндік жалғаннан түңіліп, имандылықтың мейірімді шуағын сағынған адамның шөлін тек өлеңнің мөлдір бұлағы ғана қандыра алатыны сондықтан болса керек.
Қазақ әдебиетіндегі сондай таза бұлақтардың бірі – Төлеген Айбергеновтің поэзиясы. Отызға да толмай опат болған ақынды қыршын кетті деп айтуға да обалсынады екенсің. Алайда, дәм-тұзының тым ерте таусылғанына қарамастан Төлеген өлеңдері жастыққа тән албырттығымен және соған қарамастан өмір туралы танымының тереңдігімен һәм сыршылдығымен, тұнығы лайланбаған тазалығымен дараланатын, әдебиетіміздегі ерекше құбылыс болған, ғасырдан-ғасырға жасай беретін –жасампаз поэзия; адамды өмірге ғашық қылдырып, іңкәр сезіміне енін таққан – сыршыл поэзия және сонымен қатар жырларында дауыл күнгі дарияның асау толқынындай алапат күші бар – қуатты поэзия. Оның өлеңдерінде басқа ақындардың ешқайсысында да кездеспейтін дүниеге деген ерекше бір сағыныш бар. Жаныңызды жұмбақ сиқырымен арбайтын сағыныш құдіреті ақынның барлық өлеңдерінде кездеседі.
Объяснение:
міне осыгы жаз я ма
Қоныс
Қоныс, Ата қоныс – 1. ел мекендейтін орын; 2. көшпелілер дүниетанымындағы киелі мекен.
Уақыт пен кеңістіктегі қоныс ұғымы көшпелі жұрттың өсіп-өркендеуіне қолайлы жер-сумен, жайылымдармен, шұрайлы елді мекендермен үндестік тауып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін айқындады. Ғасырлар бойы көшпелілерді қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аңғарлардан, көне зираттардан құралып, ата жұртын белгіледі.
Атадан балаға мұраға қалған жерлермен халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті байланысты болды. Дәстүрлі көшпелі тұрмыс тіршілігі, төрт түлік мал, жер-ана, табиғат халықтың “құтты қоныс” ұғымын айқындап, материалдық-рухани игілігін, дүниетанымы мен төл мәдениетін қалыптастырды.
“Құтты қоныс” іздеу мақсатында халық табиғаттың қолайлы белдеулерінде жыл маусымдарына орай көшіп-қонып отырды. “Кір жуып, кіндік қаны тамған” жермен байланысты туған “ата жұрт, ата қоныс” ұғымында ру-тайпа меншігінде болған жер-аумақтың меншіктілігі, тұтастығы көрініс тапты. Түркі дәуірінде пайда болған “ата қоныс” ұғымы дәстүрлі дүниетанымдық ұстындар жиынтығына негізделіп, қауым арасында жерді пайдалану жүйесінің шарттары мен нормаларын қамтамасыз етті. “Ата қоныс” көшпелілер үшін қасиетті саналып, өз жерінің тұтастығының кепілі әрі көршілес жатқан мекендерге қол сұғуға болмайтындығын мойындауды білдірді: