Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “түсініктеме, баяндама ”. Жүйе деп- әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген бір уақыт мезетінде қарастырылатын кез-келген нысананы түсінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Ақпарат жүйесі (АЖ) дегеніміз – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Ақпарат жүйесінің даму этаптары Классифи-кациялаудың құрылымдық белгісі Ақпа-раттық жүйе Ұйымдық қамсыздандыру Құқықтық қамсыздандыру Ақпараттық жүйе Техникалық қамсыздандыру.Математикалық қамсыздандыруБағадрламалық қамсыз-дандыру Ақпараттық қамсыздандыру Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады: Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;Уақыттың қажет периодында пайдалану-шылар сұранысына жүйенің реакциясы;Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосым-шаларды қосуға мүмкіндігі;Есептеу ресурстарын пайдалану тиім-ділігі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшеленеді: локальды авто-маттандырылған жұмыс орны (АЖО) – жеке жұмыс орнында бас-қарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен. Басқару функциясын толық көлемде өндіретін ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО кешені.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.