Қақтығыстарды реттеудің әдістері Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің
бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын
білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру,
шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны
нәтижелі қылу.
Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес,
сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады.
Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру
үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен
құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі.
Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын
жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер – бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға
қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі
күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз
жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі
әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен
олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып
табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық
ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе
көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған, арнайы
дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның
классикалық мысалы келіссөз жүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің
көзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.
Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова
Талдау:_(мәтінде көтерілген мәселені анықтайды)
Сұрақ:
1.
2.
3.
Дескриптор
-көтерілген мәселені анықтайды-
- жанрлық ерекшеліктерін ажыратады-
- талқылау сұрақтарын құрастырады-
Эссе.
Қазақстанның ғажайып мұралары.
Жоспар.
Кіріспе.
Адамзат тарихының күретамыры.
Негізгі бөлім.
а) Халық мәдениеті.
ә)Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары.
Қорытынды.
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары ауыз толтырып айтуға жетерлік. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар Бұл – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге, 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ мәдени тарихи мұралар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерделеуіміз керек, келер ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек. Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек! Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Бұл тарихи мұралар еліміздің қазынасы екенін есте сақтайық.
Объяснение:
(Это не моё но надеюсь )