Аққулар — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі.Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті.