А В Затаевич қандай жинақтар жариялаған? 2Қазақтың ән өнері ненің тармағы?
3 Әміре Қашаубаев туралы не білесің?
4 ХІХ ғасырдың екінші жартысында қандай әнші-композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан?
5 «Күйші» поэманың авторы кім?
6 Қазақтың «Ұлытау» тобы туралы ақпарат жаз.
7 Қазақстанда қандай екі опера және балет театры бар?
8 Домбыраның құрлысын жаз.
Біз өз ана жер табиғатты сақтауға және қорғауға тиіс.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
-Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына:
-Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі:
Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.