Ақын неліктен алты жасар бала, алты жасымда деген сөздерді қайталап қолданады? Автордың алты жасында Қазақстан өмірінде қандай тарихи оқиғалар болуы мүмкін? 4-5 сөйлемнен ойларыңды жазыңдар. (Қазақ әдебиеті, менің атым-тәуелсіздік). Өтінем, жауабын тезірек беріңдерші :3
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып,
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар оны көрсе ер жайланып.
(Сағат)
Желсіз, сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.
(Сағат)
Мен көрдім күн шығыстан бір диірмен,
Түс болса тұрады екен оң бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Ол жіпті қолы епті, кім иірген.
(Сағат)
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
(Сағат)
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
(Сағат)
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
(Сағат)
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.
(Сағат)
Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.
(Сағат)
Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.
(1 тәуліктегі 24 сағат, 1 айдағы 30 күн, 1 жылдағы он екі ай, 360 тәулік)