Ақынның: Томирис, Еділ патша, Елтеріс хан, Аңсаумен еркін өмір арпалысқан. Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы, Желдіртіп желмаясын жер тауысқан, - деуінде не сыр бар?
Орыстардың дәстүрлі шараушылығы жер өңдеу болып табылады. Жер өңдеудегі басты бағыт дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тары, зығыр) өсіруге бағытталған. Оңтүстікте бау-бақша өсіру жақсы дамыған. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысқан. Орыстар ірі қара малын, жылқы, қой, шошқа және құс (қаз, үйрек және т.б) асыраған. Жүні майда аңдарды (тиін, түлкі және т.б.) аулау жақсы дамып, сонымен қатар жидек, саңырауқұлақ терумен де айналысқан. Дәстүрлі шаруашылықта балық аулау маңызды орын алған. Сәндік-қолданбалы өнер де жақсы дамыған. Ағаш, металл, қыш шыны, сүйек, мүйіз, мата және теріні өңдеп, көркемдеген. Ағашты ойып сурет салу, мүсіндік өнер, көркемдеп жазу, матаны көркемдеу және тоқу, кесте тоқу және т.б көпке мәлім болды. Алтын мен күмістен жасалған чеканкалар, діни мазмұндағы ағаштан жасалған мүсіндер кеңінен таралды. Ыдысты көркемдеп жазу көптеген аудандарға таралып, дамыған. Лакталаған кеңістікке көк шөп пен алтын-қызыл-қара гаммалы өрнектерді бейнелеу тән болған (хохломалық көркемдеу) новгородтық шеберлердің жұмыстары ерекше белгілі болды. Оралда ашық түсті гүл шоқтары бейнелеген металл подностар кең тарады. Сонымен қатар шеберлер алтын, күмістен әшекей бұйымдар жасаған.
Қазақ жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.Қазақ спортының дамуына әр түрлі ұлт өкілдер арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтың нығаюы айтарлықтай үлес қосты. 1918 жылдың бірінші жартысында шаруалар клубтарында жеңіл атлетика мен гимнастика үйірмелері ұйымдастырылып, жастарға спортты насихаттау жұмыстары жүргізілетін. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыс атқарып, халық күшімен әр түрлі спорт алаңдары мен жарыстарды өткізуге арналған ғимараттарды салған. Орынборда 1920 ж. 1 қазанда әскерге аттанатын жастарды спортқа баулу мақсатымен дене тәрбиесі нұсқаушылары мен тәрбиешілердің құрамынан арнайы ұйым құрылды. Бұл іске қатысқан адамдардың жартысы қазақ жастары еді. Бұдан кейін Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қалаларында ірі спорттық жарыстарды өткізуге арналған орталықтар бой көтереді. Дәл сол кезден бастап, Қостанай, Жетісу, Семей губернияларында спартакиадалар ұйымдастырылып, бұл жарыстарға елдің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар қатысатын. 1925 жылы Семей қаласында әйелдер арасында спортты насихаттау мақсатында арнайы спартакиада ұйымдастырылған болатын. Дәл сондай спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында ұйымдастырылып, қазақ спортының дамуына үлкен септігін тигізген.