Аңыз патшайымы Сақ даласын жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салып жатқанын естиді. Тұмар Кирге «өз патшалығыңда билігіңді жүргізе бер, бізге тиіспе. Бәрібір соғыспай қоймаймын, көпір салып әуре болма». - деп арнайы хабар жібереді. Кир патша Тұмарды соғысуға шақырады. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күндік жерге шегінеді. Олар кеткеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізеді. Массагеттердің шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел өлтіреді. Осы топтың басшысы, Тұмардың ұлы – Спаргапты тұтқындайды. Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді: «Қанқұмар Кир! Сен менің ұлымды ашық айқаста женген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап, тұтқын еттің. Сондықтан ұлымды өзіме қайтарып бер, әйтпесе Тәңірі атымен ант етемін, қаныңды ішемін» - дейді. Осы кезде тұтқынға түскен Тұмардың ұлы намысқа шыдай алмай, өзін – өзі өлтіреді. Бұл хабар Тұмарға жетеді. Синквейн әдісі
1.Тақырып бір сөзбен беріледі/зат есім/
Патшайым
2.Екі сөзбен сипаттау/сын есім/
3.Тақырыпқа қатысты үш сөз/етістік/
4.Төрт сөзден тұратын бір сөйлем.
5.Тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Сурет салу
Мәтін мазмұны бойынша сурет сал.
Су - тіршілік көзі.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек
Объяснение: