А) Жақшаны ашып, сөзге -ғалы/-гелі/-қалы/-келі қо- сымшаларын дұрыс жалғап жаз.
Үлгі: Мен ән байқауына қатысқалы жатырмын.
1. Мен сахнада (би билеу).
2. Мен көрерменнің (көңілін көтеру).
3. Біз жеңімпазға (сыйлық беру).
4. Сен кинода (ойнау).
5. Сіз маған көйлек (тігу).
6. Біздер сән үйіне (бару).
7. Ол шұлықты (кию).
1. Мен сахнада би билегелі жатырмын.
2. Мен көрерменнің көңілін көтергелі жатырмын.
3. Біз жеңімпазға сыйлық бергелі жатырмыз.
4. Сен кинода ойнағалы жатырсың.
5. Сіз маған көйлек тіккелі жатырсыз.
6. Біздер сән үйіне барғалы жатырмыз.
7. Ол шұлықты кигелі жатыр.