-aaсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Жатта. Табиғат, сен - тіршілік тұнып тұрған, Сен - күнсің көтерілген күліп қырдан, Сен - келсін, Сен - ормансың, Сен - бұлбұлсың Адамға сұлулықты шын ұқтырған. (М. Мақатаев)
Шаршы топ алдында сөз бастау, сөйлеу әрине оңай емес. Мен алдымен тіл туралы сіздерге өз ойымды айтқым келеді. Дене мүшелерінде ең жеңіл қозғалатын тіл. Сондай ақ адам мүшелерінің ішінде ең пайдалысы да, ең залалдысы да тіл. Әсем сөзбен арадағы дұшпандықты жоя аласың, асыра сөйлеп, жан досыңнан айрылуыңда мүмкін. міне тіл арқылы жеткізетін сөздің құдіреті. Мен бүгін сол тілдің жақсы сөйлегендегі құдіреті туралы айтпақпын. Мысалы: дәрігер науқас адаммен алдына келгенде оның дертіне шипа табылатынын, оған оның сенуі керек екенін, жылы және қарапайым түсінікті сөзбен жеткізсе, науқас түзеле бастайды, ал, түбінде ауруыңыздың емі жоқ, бара беріңіз десе науқас дерттен емес құсадан қайтыс болар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде де, егер балаға күнделікті жылы сөйлеп, сыйластық танытсаң, бала ұстамды, түсінігі бар болып өседі, ал күнде сен адам болмайсың деп айқайлап отырсаң, ол сәбиден жақсы адам шығуы екі талай. Міне, тілдің құдіреті, тілдің адам сезіміне әсер етуші құрал екендігінің дәлелі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Менің отбасым шағын, біз өте тату, ауызбіршіліктеміз. Менің екі әжем, екі атам, әпке, ағаларым бар. Анамның аты Наташа. Ол өте мейрімді, сұлу, көңілді, және әрдайым маған көмектеседі. Біз анам екеуміз түрлі іс-шараларға бірге барамыз. Менің әкемнің аты Олег. Ол ақылды, күшті және маған көмектеседі. Менің әжемнің аты Юля. Ол күлкілі және қуатты. Ол Москвада тұрады, біз оған жиі барып тұрамыз. Менің атамның аты Сергей. Ол да өте күлкілі. Оның барлық өмірі ұшақпен байланысты. Менің әжемнің аты Надя. Ол қатал, бірақ түсінеді. Атамның аты Толя. Ол мейрімді, зейінді. Біз жиі табиғатқа шығамыз, уақытты бірге өткіземіз. Біздің отбасында мені мейрімділікке, көмек көрсетуге дайын тұруға және бәрін өздігімнен жасай алуға үйретеді. Мен өзімнің осындай отбасын барына қуанамын. Барлығын өте жақсы көремін.